17.09.2022
  112


Автор: Ақылбек Манабаев

КҮЗ ЭСКИЗДЕРІ

Ағады өзен момынсып күліп қана,
Бойында жоқ асау тасқын-күшті желік.
Тұлымы желкілдеген бұлт-бала,
Тау-ананың ақ мамасын құшты келіп.
Шаңдатып төңіректі тағы кезіп,
Көтерілді қарашаның қара дауылы.
Жайлаудың жасыл көркі, сәні тозып,
Малшының ойға көшіп барады ауылы.
Жасырып күміс шықпен бетін жота,
Оранған көкшіл мұнар ̶ сағымға қыр
Боздаған боз қурайлар ̶ жетім бота,
Селдіреп жол шетінде қалып жатыр...





Пікір жазу