17.09.2022
127
ТЫНЫМ АЛМАЙ
Тыным алмай асыр салған аптығып,
Бурыл мұртты көк толқынды қақ тіліп,
Балықшылар жағалауға бет қойды,
Күлкілері естіледі шат, тұнық.
Солқылдата соққылаумен кемені,
Соңдарынан дауыл қуып келеді,
Алдарынан күн еркелеп төнеді,
Күлімсіреп күміс нұрын төгеді.
Аймалайды өңшең құрыш денесі.
Ақ аспан да сый әзірлеп, аптығып,
Кемпірқосақ-ленталарын жатты іліп.
Дәу толқындар шаттанысып қол соқты,
Құшақ-құшақ гүл-тамшысын лақтырып