17.09.2022
  365


Автор: Ақылбек Манабаев

АРАЛ ДӘПТЕРІНЕН

Айдын шалқар Аралым,
Келдім іздеп алыстан.
Құштарланып қарадым
Толқыныңа жарысқан.
Құмға арқамды қыздырып,
Қалғандаймын қунап бір.
Ынтық жүрек үздігіп
Көркіңе елтіп тулап тұр.
Шежірелі, ойлы өңір
Шертіп ғажап сырын бай,
Зердемді ашты бейне бір
Зейнолла аға жырындай.
Әсерлерім күндізгі
Ұласты әсем кешіңе.
Алқа етіп жұлдызды
Қондырыпсың төсіңе.
Теңіз бейне көк бесік,
Құндаққа айды алыпты,
Аспан,
Айдын беттесіп,
Құшақтаса қалыпты...





Пікір жазу