17.09.2022
  105


Автор: Ақылбек Манабаев

Қапырық ыстық шөлдетіп....

Қапырық ыстық шөлдетіп,
Кезеріп еді гүл ерні,
Көз жасына аспан көлдетіп,
Төгіп-төгіп жіберді.
Найзағай - алтын тарағын,
Жарқылдатып бұлт өтті.
Елжіреген ана – күн
Әлемге аппақ нұр септі.
Құлпыра қалған жотаны-ай.
Жер үсті енді көгерер,
Сүтке тойған ботадай,
Бүк түсіп жатыр төбелер.





Пікір жазу