17.09.2022
  140


Автор: Ақылбек Манабаев

КҮЗ ДЕМІ

Ауа дымқыл, желдің демі салқындап,
Жапыраққа шық қоныпты жалтылдап.
Әсем сырлы бояуымен жомарт күз
Дал төсін тастағандай алтындап.
Күміс мұнар бүркеп алып аспанды,
Қоңыр бұлттар шың шекесін жастанды.
Диқандар жүр аяқтаудың қамында,
Көктемде өзі бастаған зор дастанды.





Пікір жазу