17.09.2022
136
ЖАҢБЫРДАН СОҢ
От қондырып өркешіне
Бұлттар төмен төніп келіп,
Маржандарын жер төсіне,
Өте шықты төгіп-төгіп.
Бір тамаша түске енді көк,
Даланы жел тынды кезбей.
Жапырақта шық мөлдіреп,
Жаудырайды мұңды көздей.