17.09.2022
  148


Автор: Ақылбек Манабаев

ЖАН АҒА

(Қайым Мұхаметханов)
Арманы болған талайдың,
Шалқыған шалқар ақ айдын,
Тағылым алған тарлансың
Ойынан ұлы Абайдың.
Ақынсың туған жыр үшін,
Далаңдай дархан тынысың
Ардақтап елің сыйлаған,
Ертістің ерке ұлысың.
Құсындай қиял көгінің,
Самғады биік көңілің
Мұхиттай терең Мұхтармен,
Өзектес болды өмірің.
Ғалымдық өнер алғашқы,
Ғарышты ойға жалғасты.
Ғылымның қия жолында,
Қиналтып жылдар алмасты.
Жаңғыртып Семей алабын,
Жақсы бір мұра қаладың.
Жарқылдап жайдың отындай,
Түспесін қолдан қаламың.
Алпыстың астың өріне,
Еңбегің сіңді еліңе,
Жасай бер, жаны жаз аға,
Өмірдің шығып төріне.





Пікір жазу