17.09.2022
  693


Автор: Ақылбек Манабаев

ДӘРІГЕР

Нұрын сыйлап өшпейтін жүрегінің,
Мәпелеген бөбектің гүл өмірін.
Арашалап ажалдан ана жанын,
Алғысына бөленген ұлы елінің.
Қиыншылық көрсе де жасымаған
Басы айналып табысқа тасымаған
Алақаны аялы, көңілі жас
Ақ халатты дәрігер ̶ асыл адам.
Туын жықпай тірліктің желбіреген
Махаббатты қастерлеп елжіреген
Сөздерінде сөнбейтін жылылық бар
Көздерінде сезім бар мөлдіреген.
Үні майда тұнып тұр мейірімге
Дархандық бар даладай пейіліңде
Қымбат оған тағдыры замандастың
Мақсат ̶ мүлде, тілегі, ойы бірге.





Пікір жазу