17.09.2022
131
АРМАН СОҢЫНДА
Кеудеме қонған нұры айдың,
Көңілім шалқар жыр айдын.
Жарқылдап жүрмей жаныңда,
Достарым, қашан мұңайдым.
Бұлақтай тастан құлаған,
Бәріңе күлкім ұнаған.
Көкірегімнен фонтан боп,
Төгіліп асқақ тұрады ән.
Жақсы үміт күтіп ақ таңнан,
Сапарға алыс аттанғам.
Соныға салдым соқамды
Соқпаққа түспей тапталған.
Самғайды қиял ̶ бұла жел,
Кеудемде сезім тұна бер.
Шашасына шаң тимес,
Астымда арман ̶ құлагер.
Білмеймін қанша шабармын,
Ғашық-жыр сені табармын.
Ренжи көрме, беймезгіл,
Терезеңді қағармын...