17.09.2022
141
Жолдар
Шарла әлемді,
өзенді кеш,
тау шыңды ас,
Жолдар,
жолдар қанша жүрсең таусылмас,
Бір белді ассаң,
кезең тұрар тағы да,
Өрге бастап,
жалын құйып жаныңа,
Әлің құрып,
алқынсаң да ентігіп,
Ала көрме үмітіңді өлтіріп.
Ұшырасар не қиындық,
тосын жай,
Талмау керек!
Өмір заңы осындай.
Ұзақ сапар ̶ сын адамдық арыңа,
Қалма батып, уақыттың шаңына.
Алға ұмтыл!
Болмайды әсте тоқтауға,
Мақсатыңа жете алмасаң, жоқ сауға!
Сондықтанда сен де көптің бірі боп,
Өзіңдік жол,
соқпағыңды жүріп өт...