17.09.2022
125
Мен адаммын...
Мен адаммын,
Елжіреген жүрегім
ен салған мұратым бар,
Жігерімді шыңдаған өр дауылдар,
сұстанған сұрапылдар.
Ерлігіме табынып, таңырқаған
Алып аспан, ақ басты мына шыңдар!
Мен адаммын,
Еңбегіммен құлпырған бұла тыңдар,
Терімді еміп көгерген жапан дала,
Құлазыған құла құмдар.
Тапжылмаймын,
Сендерменен бір саптамын
Әділеттің тұғырында қасқайып тұратындар.
Мен адаммын,
Оң сапар бақыт тілеп жолыма гүл атындар,
Теңіздерді тербейтін қуатым бар,
Азығым – адалдықтың ақ қайнары,
Өнеге егем өздеріңе өкшелей туатындар.
Болашақты құратыңдар!
Аға жолын қуатыңдар.