17.09.2022
  108


Автор: Ақылбек Манабаев

ЕГЕР ДЕ МЕН

Егер де мен қолым созсам асқарларға, биікке,
Адамдар бар,
Үмітіме ақ тілегін сыйлайтын.
Егер де мен қапалансам ұшырап мұң-күйікке,
Надандар бар,
Жарға қарай итермелеп, қинайтын.
Егер де мен аңдаусызда құласам, не сүрінсем,
Дұшпаным бар
Жаралайтын арманымның қанатын
Егер де мен күндей күліп, омырауыма гүл ілсем,
Достарым бар,
Ортақтасып, жанын нұрға малатын...





Пікір жазу