17.09.2022
682
ЖАҚСЫ АҒА
Есімде әлі еркелеп
Ағалап алғаш барғаным.
-Тасыма-дедің,- ертерек,-
Ойыңның ұқтым салмағын.
Мерейімді асырған,
Мейірімің, ақылың.
Деп жүрмін сені,
Жасырман,
Жаны бірге жақыным.
Білуге ынтық кезім ғой,
Биікке беттеп келемін.
Сүрінсем егер, өзіңдей
Сүйеушім бар деп сенемін...