17.09.2022
  102


Автор: Ақылбек Манабаев

ҚОС БИІГІМ

Салқын самал саясы -
Сендерсіңдер, асқарым,
Нұрға толы аясыСендерсіңдер, аспаным.
Қос өзенді жағалап,
Жас шыбықпын бүр жарған.
Қос биікті паналап,
Ұмтылады шыңға арман.
Шыңдалайын тек өрде,
Аяғымды басып тік.
(Кешірмеңдер егер де
Танытсам сәл жасықтық.)
Қолтығымнан демеңдер
Тынбай алға аттайын.
Күтеді үміт менен де ел,
Сол сенімді ақтайын!





Пікір жазу