17.09.2022
  205


Автор: Ақылбек Манабаев

АУЫЛДАСТАР

Балалықтың ізі қалған,
Жасыл бақты сағындым.
Құлын-тайдай асыр салған
Жастық шақты сағындым.
Ән-жыры бір,
Қауымдастар,
Тағдыры бір
Бауырластар,
Мөлдіреген көздеріңді,
Елжіреген сөздеріңді,
Өздеріңді,
Сағындым, ауылдастар.
Гүлдер өскен сауырына,
Асқарларды сағындым.
Балапандай бауырына
Басқандарды сағындым.
Мал қаптаған ырыс толы,
Белдерімді сағындым.
Дән баптаған құрыш қолы,
Ерлерімді сағындым.





Пікір жазу