17.09.2022
  127


Автор: Ақылбек Манабаев

ДАЛА ТУРАЛЫ ӘН

Шаң жауып, шалғыныңның жасыл өңін
Қайғы мен қасыретке батып едің.
Боздаған боз інгенге құлақ түріп,
Кезеріп талай ғасыр жатып едің.
Кең дала, сал сахара, сағым қуған,
Кеудеңді күн аймалап, жалын жуған.
Жаңғыртқан жасампаз өр замандасым,
Еңбектің дүбірімен салып думан.
Жазираң, жарқын жайлау, асқар тауың,
Сыңсыған сырлы орман омырауың.
Бір ғажап, күйін шертіп қуаныштың,
Көңілдің күмбірлетті қоңырауын.
Жетіліп, желкілдген майсаларың,
Мал өрген қойнауынан сай-саланың.
Көргенде алтын дәнді алқабыңды,
Жадырап мен де бірге жайқаламын.
Қайратым қас жауларды табындырған,
Әдіспен талай сұмды бағындырғам.
Жүрегім соғады ұлы Отаным деп,
Дайынмын, елім үшін, жаным құрбан!





Пікір жазу