17.09.2022
  249


Автор: Ақылбек Манабаев

СЕМЕЙІМ МЕНІҢ

Гүл қала бақыт бесігі
Адамға сиын арнаған.
Нұр қала ән боп есімі,
Аспанды шарлап,
Шарықтап биік самғаған.
Семейім менің,
Шаттықпен жанды тербеткен,
Семейім менің,
Саяңда сәнді
Өнерлі талап
Өрендер өсіп, ержеткен.
Ер қала атақ – айбынын,
Асырған алып еңбекпен,
Өр қала шалқар байлығын,
Отанға арнап
Еселей түсіп селдеткен.
Ертістей жайсаң өлкеңді,
Көргендер мақтан етеді.
Өмірім әсем өркенді,
Жайна да құлпыр,
Жастықтың жарқын мекені.





Пікір жазу