17.09.2022
  147


Автор: Ақылбек Манабаев

ДАРҚАН ДАЛА

Семейім менің,
Сері қала,
Жас қала,
Бақытқа ұя,
Шатыққа шалқар баспана.
Көкжиегін көгілдір орман көмкеріп,
Көсіліп жатыр ерке Ертісті жастана.
Семейім менің,
Салтанат,
Сәні жарасқан.
Көшесі жасыл өрілген гүл мен ағаштан.
Үйлері анау,
Қатарын түзеп,
Сап құрып,
Биікке өрлеп, бір мен бірі таласқан.
Семейім менің,
Енші алған білім еңбектен,
Даналарды ол ана болып тербеткен
Самала кешін сазына бөлеп ән-күйдің,
Өнерлі талай өрендер өсіп, ержеткен.
Көркіңе елтіп,
Құмарым әсте бір қанбай,
Мұржалар биік – еңселі менің тұлғамдай
Дауысын беріп бейбіт күн үшін бүгінгі,
Көп адам көкке көтеріп қолын тұрғандай.
Семейім менің –
Тұғыры өшпес даңқтың,
Даналарың менен дарқандығыңды таныттың.
Өркенің өссін,
Жыр арнап саған мен де ылғи
Көсілте берейін тұлпарын асау шабыттың!





Пікір жазу