17.09.2022
  248


Автор: Ақылбек Манабаев

ӘН

Самалдың тынбай шарлап сай-саланы,
Секілді дала гүлін шайқағаны,
Мамырлап майда ырғақтар желпіп өтсе,
Жанымның жапырағы жайқалады.
Сұлу ән, сұңқылдаған бұла керім,
Тек мен бе, оған бүкіл құмар елім.
Аққуға үнін қосып Әміресі,
Ақаны асқақтатқан «Құлагерін».
Саздардың халқым жетік мән-жайына,
Бұл өнер бақ боп біткен маңдайына.
Бүлк етсе бұлықсып кеп бұлбұл қонған,
Күләш пен Бибігүлдің таңдайына.
Әуеннің бар не тұлпар,
Сұңқары да,
Қалдырар ол да мұра ұрпағына.
Әсем ән – көгершін боп көңілдердің
Дірілін жеткізеді іңкәріна





Пікір жазу