17.09.2022
  375


Автор: Ақылбек Манабаев

ОТАНЫМ – БАҚЫТ БЕСІГІ

Айналайын Ұлы Отаным,
Алтын құндақ
Бесігім.
Саяңда әсем, гүл атамын,
Жүрегімде есімің.
Қаптап өріп қырыңнан мал,
Далаңда егін жайқалады,
Арнап саған жырымнан бал,
Жаным шалқып, жай табады.
Қойнауыңнан тасып жатыр,
Бейбіт еңбек берекесі.
Әрбір күннің- асыл ғасыр,
Секілді өмір берекесі.
Ырғағындай ән-күйлердің,
Болашақтың қалалары.
Әр кірпіші сәнді үйлердің,
Шаттық болып қаланады.
Күміс күлкі атырабым,
Пәк сезімді сапырамын.
Күнді тоймен батырамын,
Таңды оймен атырамын,
Ардақтаймыз дәулетіңді,
Қамбаларға ырыс толды.
Арттыруда сәулетіңді,
Құрбыларым құрыш қолды.
Қайрай түстің талабымды өр,
Сағат сайын шыр айналып,
Сен ұшырған корабльдер,
Планетаны жүр айналып.
Айналайын,Ұлы Отаным,
Алтын құндақ
Бесігім.
Саяңда әсем гүл атамын,
Жүрегімде есімің.





Пікір жазу