17.09.2022
  158


Автор: Ақылбек Манабаев

АМЕРИКА ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

СССР өкілдерін таңдантуға,
Тырбанып Америка ғалымдары
Машықтанған
Құрғақ сөз ̶ айғай-шуға.
Олқы соғып жатса да дарындары
Академияға шақырып көпірді-ай кеп,
Қол жеткен табысымыз осындай көп,
Қажет болса үйреніңдер,
Үлгі алыңдар,
Мешеулік шеңберіне қосылмай көп.
Білеміз СССР-да кенде ғылым,
Бастадық біз қазір оның кең жорығын.
Ұзамай космосты бағындырып,
Аспанды меңгереміз жерден бұрын.
̶ Мәселен, білесіздер Оппенгеймер
Атомның ұлы атасы
Адамзат игілігін ерте ойлап
Ойланып маңдай терін төккен ғой ер.
Біз соның ұлы ісіне мұрагерміз,
Жасаймыз қолымызбен ұлы әлем біз,
Қазірдің өзінде-ақ
Жер бетінде ең күшті бір-ақ елміз.
Бұдан әрі тыңдамай Мұхтар аға,
Сөйлеп кетті:
̶ Бізде де бар ғылым-өнер
Ие болған нық бағаға,
Мақсатымыз ̶ дүниені бағындыру емес,
Көрік, өң беру жер дейтін құтты анаға.
Жаңағы сіздер айтқан Оппенгеймер,
Жазықсыздың көз жасын төккен ғой ол.
Оппенгеймер, атың өшкен.
Қазір біздің арамызда жоқ сендейлер,
Тарихта талай-талай азап шегіп,
Жер-ана көздің жасын төккен ғой мол.
Бірақ соның бәрінен асып түсті опасыз
Оппенгеймер,
Жауыздықпен ойлап тауып атомыңды.
Өмірге септің жауыз жат өлімді,
Күлге айналған қаланы,
Аңыраған ананы,
Мүгедек туған баланы.
Салдың сен планета кеудесіне
Хиросима тәрізді айықпайтын жараны.
Сондықтан сенің атың қаралы.
Білеміз ойдан азап көргеніңді,
Қара бет боп жынданып өлгеніңді.
Жер-ана жиіркеніп қабылдамаған соң
Өртеніп өзің де күл боп сөнгеніңді.
Оппенгеймер
Әлі де желік қуған
Америкада көп сендейлер.
Тілеймін,
О, тіршілік,
Анадан енді қайтып
тумаса екен тек сендейлер.
̶ Осыншама білімпаз бұл кім еді, ̶
Деді біреу. ̶
Әлемменен астасқан шын тілегі.
Степан Шипачев сүйсінгеннен
Деді:
̶ Бұл ̶ Академик Әуезов ̶
Советтік Қазақстанның бір түлегі.
̶ Қазақ, қазақ, иә, әлгі
Ақын елі, атақты Абай елі. ̶
Деп шуласты тұс-тұстан отырғандар
Жүздерге қан жүгіріп талай әлі.
Сөйтіп асқақ Америка ғалымдарын,
Естерінен тандырған мықтылардың бәрін-бәрін.
Москваға достары айтып келді
Мадақтап Мұхтар сынды дарындарын.





Пікір жазу