17.09.2022
  122


Автор: Ақылбек Манабаев

НЬЮ-ЙОРКТА

Самолеттер құстай өріп қаптаған,
Айдл-Уаил*, осы ма бай мақтаған.
Көздің жауын алады екен жарқырап,
Әсем залдар алтынменен аптаған.
Керемет деп айтуға еш келмейтін,
Сырты жылтыр, жанға жылу бермейтін.
Мұнда да тек шипайлар бар уақытша,
Ұлы өнер жоқ мәңгілікке өлмейтін.
Кешкі көше, электр нұр шашқанда,
Зәулім үйлер ұқсап найза тастарға,
Қорқынышты көрінеді аждаһа
Ұқсап орсақ тісті аузын ашқанға.
Қаласа да араларын жуық қып,
Ғимараттар бірін-бірі қуып тік,
Бәсекемен көкке мойнын созады
Көңілге ызғар ұялатып суықтық.
Терезелер нұр аңсай ма арайлы,
Мұнаралар тасасынан қарайды.
Сұр асфальттар күні-түні газ жұтып,
Машинаның доңғалағын жалайды.
Ғұмыр бойы жапырақ пен гүл көрмей,
Асықса да мол жұмысқа үлгермей.
Қайшыласқан қалың адам адасып
Жартастардың арасында жүргендей.
Бір жағында тұрса байлық құйып құт,
Бір жағында ашаршылық, апат, жұт.
Бір игілік сыйламаған адамға,
Құрысын да құр әшекей биіктік!..





Пікір жазу