17.09.2022
  153


Автор: Ақылбек Манабаев

ВАШИНГТОНДА

«Аты шулы континенттің бас қаласы,
Құрама Штаттардың астанасы,
Алыстан іздеп келдім
Көргелі,
Армысың, Вашингтон ̶
Пентагон генералдарының баспанасы,
Бөгде емес, Евро-Азия төріненмін
Отаным бар нұр төккен көгінен күн.
Советтік Социалистік Республикалар Одағының
Азаматымын,
Достыққа берік елдің.
Бейбітшілік,
Татулық ̶ ұранымыз,
Мылтық емес, орақ-балға құралымыз.
Барлығы адам үшін,
Адамның бақыты үшін,
Осылайша басталады жыр-әніміз.
Зеңбіректің күркірінен құлағымыз ̶
Сарсылған, соғыс емес мұратымыз.
Соғыса да білеміз,
Бірақ біздер
Өмірдің еңбек сүйгіш ұланымыз.
Капитолиа сұстанады,
Ақ үй неге түнеріп тұр,
Тіл қатпайды сенаторлар ̶ тірі өлік құр.
Қаперсіз қайран көңіл
Қалғандай тығырыққа тіреліп бір.
Дел-сал етіп, салбыраттың басымды сен,
Диктаторлық жайлаған Вашингтон.
Көшеңнен сызы ескендей мұз дененің,
Күңгірттіктен басқа жоқ екен
Ізгі өнерің.
Ал, мен сенен ғаламаттар іздеп едім,
Өткерсең де талай ғажап ғасырды сен,
Асылдарыңнан ада бопсың, Вашингтон,
Салқын саясатшы ̶ сарапшылар мекені Вашингтон.
Қанға жерік қарақшылар мекені Вашингтон!!!





Пікір жазу