17.09.2022
  172


Автор: Ақылбек Манабаев

СУ

Шат заман,
Тоқшылықта туған ұлым,
Сұрасам,
Білесің бе су қадірін?
Білмесең,
Соның нәрін еміп өскен
Мына бір қолыңдағы буда гүлің.
Біліп ал,
Тыңда қалқам,
Керек бәрі,
Тірліктің су да нандай қорек-нәрі,
Алыстан аңсап келіп қонар көлге
Талғанда жыл құсының қанаттары.
Болмайды сусыз елдің күйі мүлде,
Болмайды үстіңдегі киімің де,
Су жоқта қамба толы астық түгіл
Дәннің бір көрмес едік түйірін де.
Гүлдерге су құй десе, қашып жүрсің,
Текке су төкпе десе, шашып жүрсің.
Бір жұтым суға зар боп бұл өмірмен
Қоштасқан талай-талай асыл қыршын.
Еркелеп,
Еркін өскен «тәйтік» немем,
Ескерту алмайтын бол қайтып менен.
Ол үшін,
Сақта есіңде!
Су жайында
Саған бір оқиғаны айтып берем...





Пікір жазу