17.09.2022
  357


Автор: Ақылбек Манабаев

БАУЫРЖАН

Оқ пенен отты сапырып,
Саз кешіп атпен сауырдан,
Жауына жайдай атылып,
Жарқылдады Бауыржан.
Өмір мен өлім тіресер,
Соғыстың заңы ауыр заң.
Тап берсе тажал мың есер,
Тартынбады Бауыржан.
Туғанда семсер сермер күн,
Сескенбей селді дауылдан,
Сертіне берік ерлердің,
Серкесі болды Бауыржан.
Ақтаумен Отан сенімін,
Сый-құрмет көріп қауымнан,
Бейбіт шақта елінің
Еркесі болды Бауыржан.





Пікір жазу