17.09.2022
  171


Автор: Ақылбек Манабаев

КЕШКІ ТЕҢІЗ

Дауыл тынып, теңіз шуы бірте-бірте басылды,
Күн еңкейіп ерке қыздай көкжиекке асылды.
Нұры сөніп көп ұзамай кешкі қызыл арайдың,
Маржан болып жұлдыздар да су бетіне шашылды.
Шаршағандай шартарапты, кезіп алыс қиырды,
Толқындардың бұйра шашы арнасына жиылды.
Су ішінде сумаң қағып, асыр салып ойнайды,
Тобын жазбай жарқ-жұрқ етіп ақ сазандар үйірлі.
Аңсағанын жаңа ғана сағынып кеп тапқандай,
Дірілдеген толқындардың майда төсін жастанды ай,
Моп-момақан қалпында да осынау көк теңіздің,
Құдіретті бір тентектік жорта қалғып жатқандай...





Пікір жазу