17.09.2022
116
ЖАЗҒЫ СУРЕТ
Керемет еді дала көркі қандай,
Ақ мұнар биік шыңға асылады.
Бүйірін түртіп қалсаң сел шығардай,
Шоқыға бұлттар келіп қасынады.
Қараған, топтала өскен бүргендерді,
Жерге төсеп жел жиі үтіктейді,
Көкжиек ну егінге кірген жолды
Шұбылтып аш ішектей жұтып қойды..