17.09.2022
209
![](/uploads/shorttexts/author_image/6f8042d8a066219b1c9778f406b478c2.png)
БӘЙГЕ
Көмбеден оқтай атылды,
Андыздап кілең саңлақтар.
Жұрт көзін бірден шақырды,
Омыраулай шыққан алғы аттар.
Тіл қатты біреу қызынып:
̶ Жігітім, бол, бол, соқ қамшы!..
Тұяқтан жарқ-жұрқ үзіліп,
Тамады жерге от-тамшы.
Жүлдені озып кім алар,
Тағат жоқ көпте тілеуі ақ.
Шын жүйрік топта сыналар,
Қашан да бәйге біреу-ақ!
Қадалды талып қарашық,
Қиылды сансыз саған көз.
Қараңды үзіп дара шық,
Кім болсаң да, шабандоз!