17.09.2022
  107


Автор: Ақылбек Манабаев

Тырналар

Көк төсінде шұбатылып арқандай,
Қатар түзеп сетінемей, тарқалмай,
Жеттіңдер ме,
Тыраулаған тырналар,
Ынтызар боп кең далама дарқан, бай.
Самғасаңдар,
Таза ауаны тыныс қыл,
Саз еседі үндеріңнен бір ыстық.
Момын құстар,
Мекендеңдер жайғасып,
Сендерге де, білем, керек тыныштық.
Сол сахара,
Самалды көл,
Керім жер,
Жатсынбайды,
Жар сап ұшып келіңдер!
Өлкемнің өз тұрғынына айналып,
Еркіндікте өркен жайып, өніңдер...





Пікір жазу