17.09.2022
  501


Автор: Ақылбек Манабаев

ҚЫЗҒАЛДАҚ

Бұл табиғат өсіргендей бізге арнап,
Қыр үстінде құлпырып тұр қызғалдақ,
Көркі қандай,
Көктем сәнін арттырған.
Көз тоймайды қараса да жүз барлап.
Тербеп өтсе таңғы самал – сырлы леп,
Дірілдейді қыз ерніндей үлбіреп.
Жұпар себер жақындасаң мұрынға
Сипап жұмсақ орамалдай бір жібек.
Тәтті қиял тереңіне жүздіріп,
Жанарыңа ұялатып ізгі үміт,
«Керегіңе жарат мені,
Үзіп ал», -
Деп қиыла өтінгендей үздігіп.
Шіркін көктем,
Көркемдіктің базары,
Секілді ғой,
Мол-ау қызық, ғажабы.
Ол өтсе егер,
Арудайын сыланған
Тозбақ мынау қызғалдқтың ажаоы.
Мезгіл әкеп сыйға тартқан олжадан,
Құр қалардай осылайша толғанам.
О, дүние-ай,
Әсемдіктің ғұмыры
Не себепті ұзағырақ болмаған?!





Пікір жазу