17.09.2022
  135


Автор: Ақылбек Манабаев

АҚҚУ

Қанат қағып сұңқылдап,
Тұнықтардан нәр алдың,
Көкте айдай жылтылдап,
Көлде ойнап тарандың.
Күн аймалап құлшынып,
Болды аспан сая бақ,
Құшағы әсем тіршілік,
Тұрады ылғи аялап.
Шақырса анау көк теңбіл,
Сағынды аңсап су мұңда.
Сен олардың мөп-мөлдір
Кеудесінен тудың ба?
Назды үніңе сыр тұнған,
Елжірейін, елтейін.
Жүрегімді бұлқынған
Домбыра ғып шертейін.





Пікір жазу