17.09.2022
166
ТҮНГІ СУРЕТ
Жасырынып көк белге,
Шалқалап барып күн батты.
Сал жігіт – самал өкпенде,
Сабырлап қайың дір қақты.
Сыңғырлап күлкі – бал бұлақ,
Сырласты ғашық – жапырақ.
Дала – қарт қалғып, қалжырап,
Түңілгін жапты үй – атырап.
Шекесінде тарақ – ай,
Төменге шың – қыз сұқтанды.
Елжіреп аспан анадай,
Жалт етіп жұлдыз – сүт тамды...