17.09.2022
128
Ойларым бар күншілдің
Ойларым бар күншілдің
Өзегін өрттей шарпыған.
Өмір атты нұр шыңның
Биігне талпынам.
Ат басын кейін бұрмаспын,
Соқтырсын тағдыр дауылын.
Ғашықтарға сырласпын,
Пысықтардың жауымын.
Елжіреп біреу күлсе егер,
Шаттығына ортақпын.
Жақсылыққа тым шебер,
Жамандыққа шорқақпын...