meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.09.2022
  143


Автор: Ақылбек Манабаев

ТІЛЕК

О, дариға,
Кіршіксіз көкіректе
Жүрек болып соғар ма едім.
Арналған оты көпке
Нұрлы күн болар ма едім.
Кезерген ерінге,
Шәрбат болып тосылар ма едім.
Асқақ ән, әр үнге
Шаттық болып қосылар ма едім.
Бақытты омырауға
Гүл болып тағылар ма едім.
Айналып қоңырауға
Мереке үшін қағылар ма едім.
Сағыныштың тамшысы боп,
Ойлы көзде мөлдірер ме едім.
Махаббаттың жаршысы боп,
Өзім де бірге елжірер ме едім.
Ғашықтың асыл арман боп,
Биікке тынбай ұшар ма едім.
Ананың абзал ақ жаны боп,
Адамдар, сендерді құшар ма едім...





Пікір жазу