17.09.2022
  162


Автор: Ақылбек Манабаев

ДАРҚАН ҚАЛА – ДАРЫНДЫЛАР МЕКЕНІ

Семейім менің,
Сері қала,
Жас қала,
Бақытқа ұя,
Шаттыққа щалқар баспана.
Көкжиегін көгілдір орман көмкеріп,
Көсіліп жатыр ерке Ертісті жастана.
Семейім менің,
Салтанат,
Сәні жарасқан.
Көшесі жасыл өрілген гүл мен ағаштан.
Үйлері анау,
Қатарын түзеп,
Сап құрып,
Биікке өрлеп,
Бірі мен бірі таласқан.
Семейім менің,
Енші алған білім, еңбектен,
Даналарды ол ана болып тербеткен.
Самала кешін сазына бөлеп ән-күйдің,
Өнерлі талай өрендер өсіп ер жеткен,
Көркіңе елтіп,
Құмарым әсте бір қанбай,
Мұржалар биік – еңселі менің тұлғамдай
Даусын беріп бейбіт күн үшін бүгінгі,
Көп адам көкке көтеріп қолын тұрғандай.
Семейім менің –
Тұғыры өшпес даңқтың.
Даналардың менен дарқандығыңды таныттын.
Өркен өссін,
Жыр арнап саған мен де ылғи
Көсілте берейін тұлпарын асау шабыттың





Пікір жазу