17.09.2022
  132


Автор: Ақылбек Манабаев

ТӨРТ ТАҒДЫРҒА САЯМЫН

Шаттық сыйлап көңілге,
Көкірегіме күн қадап,
Келді қызым өмірге,
«Өлеңдетіп» іңгәлап.
Жалғыз емес, соңына
Ерді біреу тете боп.
Гүл ұстатып қолына,
Шықты ойнауға жетелеп.
Отыз атты белесте,
Естідім бір жайдары үн.
Сенің күлкің емес пе,
Еркелеген Айдарым.
Тәй-тәй басып аяғын,
Анарым жүр ағалап,
Төрт тағдырға саямын,
Төрт өмір маған аманат.
Тоңса, жылы шуақпын,
Баспана – жарқын тұрақпын.
Шаршаса күш-қуатпын,
Шөлдесе кәусар бұлақпын.
Бағбандай терлеймін,
Адамдық нұрын себем кеп.
Күн-түн маза көрмеймін,
Өссін деп адал өрен боп.





Пікір жазу