17.09.2022
279

БАУЫРЖАНҒА
Оқ пеннен отты сапырып,
Саз кешіп атпен сауырдан,
Жауына жайдай атылып
Жарқылдады Бауыржан.
Өмір мен өлім тіресер,
Соғыстың заңы – ауыр заң.
Тап берсе тажал мың есер,
Тартынбады Бауыржан.
Туғанда семсер семсер күн,
Сескенбей селді дауылдан,
Сертіне берік ерлердің,
Серкісі болды Бауыржан.
Ақтаумен адал сенімін,
Сый-құрмет көріп қауымнан,
Бейбіт шақта елінің
Еркесі болды Бауыржан.