17.09.2022
140
ЖЫЛҚЫШЫ
Тасыр да тұсыр ылди жақ,
Жылқышы дөңде тұр шолып.
Жөнелді кенет құлдилап,
Жарауын жонға бір соғып.
Дүбірлі селдей күркіреп,
Өзінен-өзі үріккендей,
Асаулар кілең дүркіреп
Жөнелді жөңкіп ырық бермей.
Құйын боп құм-тас ұйтқи
Көміліп шаңға қыраттар.
Құйрығын шаншып жүйткиді
Бүйірі қызған құр аттар.
Қырлардан асты қиқулап,
Жігіттің өткір дауысы.
Тұяқтар шерткен күй тулап.
Теңселіп кетті тау іші.
Толқып кеп үйір іркіліп,
Шалмада асау шыңғырды.
Қасқайып жігіт тұр күліп,
Шірене тартып шылбырды.