17.09.2022
  180


Автор: Ақылбек Манабаев

Егінші

Нанның дәмін татқан сайын үнемі,
Еске аламын ең сүйікті жанды бір.
Ол егінші, оттан ыстық жүрегі,
Алаулы өңін аялаған таңғы нұр.
Егіншідей баптай алар жерді кім,
Маңдай тері қырға құт боп тамады.
Көктемді ерте қарсы ап жұрттан ол бұрын,
Көкірегіне қызғалдақты тағады.
Алып мұхит – ақ бидайын толқытқан,
Келсе шалқып кең пейілді алтын күз,
Ор масақтай күреңденіп тотыққан
Штурвалда күлімдейді жарқын жүз.
Қоңырланып қоламтаға аунаған,
Нанды көрсем
Көз алдыма үнемі –
Дарқандығы даласынан аумаған
Елестейді егіншінің реңі.





Пікір жазу