17.09.2022
  151


Автор: Ақылбек Манабаев

Қыс өрнегі терезені қараулап....

Қыс өрнегі терезені қараулап,
Тұр аспаннан алғашқы қар қылаулап.
Жердің қара көйлегіне түйме боп,
Қадалып сан жатыр аппақ гүл аунап.
Сәндеп киіп сәукелесін ақ пүліш,
Ойға батып тұнжырайды бақ тыныш.
Қадам бассаң сықыр-сықыр етеді,
Қонышыңа қоңырау ұрып сап күміс.
Секілденіп ертегінің дәу шалы,
Жамылыпты ақ түбіттен тау шәлі.
Оқалайды опа сеуіп жағаңды,
Ормандардың сидиған көп саусағы





Пікір жазу