17.09.2022
  135


Автор: Ақылбек Манабаев

Қалқам-ау...

Қалқам-ау,
Сыртқа шықшы, қар жауып тұр,
Қурайын ызыңдатып зарлауық қыр.
Ақ тозаң бұрқырайды сілкінсе тал,
Қарасаң назарыңды аударып бір.
Кәнеки,
Аяз сорып, шымшылаған,
Көрейін, ай-жүзінді бұршы маған.
Сыр ұғып жалын атқан жаанарыңнан,
Жай тапсын асау жүрек тыншымаған...
Жүр, кәне,
Ойлы орманға самғап кіріп,
Ойнайық,
Асыр салып, қар лақтырып.
Дүбіне соққан мынау дүлей боран
Ұшырсын денемізді қаңбақ қылып.
Қалқам-ау,
Үйде отырмай бұйығып құр,
Жүр сыртқа,
Қуаныш боп құйылып нұр,
Әлемді шомылдырып ақ сүт-қарға
Аялы аспан-ана сүйініп тұр.





Пікір жазу