17.09.2022
  125


Автор: Ақылбек Манабаев

КҮЗГІ БҰЛТТАР

Ала қаздай
Аспанның бауырымен қалықтаған,
Ала жаздай
Тұрақ таппай,
Көшуден жалықпаған,
Мазасыз
Күзгі бұлттар.
Қайда айдап барады сендерді?
Тынымсыз жел-ызғырықтар?
Көнбіс, көнгіш,
Момақан
Күзгі бұлттар.
Үскірік қызуыңды ұрлап алып,
Қаңтар туса қалтырарсың,
Осындайда денңді нұрға малып,
Күнге арқаңды қыздырып қал,
Күміс кірпік
Күзгі бұлттар.
Сауырыңнан аққан тер ме,
Сары қурайға жабысқан
Ақ қыраулар – мұзды мұрттар?
Сабылса да сабырдан арылмаған
Салмақты
Күзгі бұлттар.
Мұхит көктің төсіне сап кемеңді
Көсілте бір жүздіріп қал,
Сахардан сауық іздеген
Сайраншыл
Күзгі бұлттар.
Кім білсін, әлденендей сый күте ме,
Қарайды маңай саған үздігіп бар,
Салқын лепті күзгі бұлттар,
Күзгі бұлттар..





Пікір жазу