17.09.2022
  88


Автор: Ақылбек Манабаев

КҮЗГІ ЫРҒАҚТАР

Алтын теңгелердей жалтылдап,
Бұтақтан жапырақтар ұшып жатыр.
Ұшып жатыр
Қанаты талған көбелектердей қалтылдап,
Баяу ғана жерге кеп түсіп жатыр.
Азық беріп адамдардың талғамына,
Жап-жасыл боп жарасып маңға мына,
Тұрғпны кеше ғана емес пе еді.
Осы сәтте көз алдыма арманынан,
Арманына – ғашығына, жан жарына
Жете алмай кеткен қыршындар елестеді.
Иә, бұл сыр кімді ойлантып жүдетпеді,
Мәңгілік өшпес жара жүректегі...
Осынау жапырақтардай үзіліп тілектері
Халқымның Төлегені мен Жібектері,
Асыл ұл, аяулы қыздары да
Солмады ма ұшырап,
Суық күздей сұм дәуірдің ызғарына?!..





Пікір жазу