17.09.2022
  111


Автор: Ақылбек Манабаев

Қызылдағы қырын жапқан жекілдеп....

Қызылдағы қырын жапқан жекілдеп,
Ең жазығы ел жайлаған еркіндеп,
Даламыздың әр бұтасын суарған
Бабамыздың жасы тамып мөлтілдеп.
Ормандары қою бұйра бұрымдай,
Бұлақтары кісінеген құлындай,
Даламыздың әрбір тасы архив боп,
Сақтап қалған ғасырлардың сырын бай.
Жусанынан жұпар иісі аңқыған,
Жота-жоны күн нұрына балқыған.
Даламыздың саз боп есіп самалы,
Өзінінен тасқынды күй шалқыған.
Ақ тақия киген алып тау шалдай,
Таза сауы тәтті шырын-кәусардай,
Даламыздың дарқандығын даналар
Өмір бойы жырлап өткен тауыса алмай.
Көгілдір көл,
Көрікті алқап,
Гүл беткей,
Көлбеңдейді көз алдымнан бір кетпей.
Даламыздың кестелеуге келбетін
Менің дағы келте тілім жүр жетпей.





Пікір жазу