17.09.2022
  220


Автор: Ақылбек Манабаев

КҮЙ

Жүрек сырын жұлқып ашар мың қатпар,
Осынау бір әуенде не жұмбақ бар.
Баурап алды-ау маужырата мас қылып,
Саңқылдаған сайын сазды ырғақтар.
Сапырылып сабат самал алаптан,
Жаңа атқандай жалынданып жанат таң.
Керіледі кербез сұлу дүние
Шәрбат жұтып ғана шанақтан.
Шарапаты шарпығандай сол күйдің,
Шабыттанып жыр жазамын, толқимын.
Қайда барсам осынау бір лептен мен
Сыр аңғарып,
Ойларды да мол түйдім.
Құлын әуез, бота дауыс, қозы үнмен
Етене боп өскенім жас кезімнен.
Бабамыз да күйді азық қып тарықсы,
Домбырасын жастап жатып көз ілген.
Сарыннынан жылуы есіп күннің де,
Араласқан шаттық, қайғы, мұң бірге,
Күйдің мәңгі биік болып күмбезі
Дүниені бөлеп тұрсын күмбірге.
Күмбірле күй.
Күмбірле!..





Пікір жазу