17.09.2022
  137


Автор: Ақылбек Манабаев

ДАУЫЛДА

Су бетінде шың көшкендей,
Арал тулап, шайқалды аңғар.
Дүлей күшке жүр дес бермей
Кілең өжет, қайсар жандар.
Қатарласқан тұлғалары
Секілденіп алып шынар,
Толқын болып ырғалады,
Толқын мінген балықшылар...
Дауыл ұрған денелерін
Тіп-тік ұстап, айбаттанып,
Балық толы кемелерін
Бұрды бері қайраттанып...





Пікір жазу