17.09.2022
145
Көкжиек балқып нұр маңдай....
Көкжиек балқып нұр маңдай,
Таң келеді арайлап.
Тамаша еді қыр қандай,
Жайнап тұр күліп бар аймақ.
Қозғады еппен майда жел
Талдардың жасыл бөрігін.
Құстарға толып айна көл,
Қыздырды тойдың көрігін.
Моторлар үні, көңілді ән, -
Жаңғыртып жайсаң даланы,
Жер төсіне сеуіп дән,
Сеялкалар барады.
Ақ қайың құрық – жасындай,
Қарулы қолда жарқылдап,
Үйірді дөңнен асырмай,
Жылқышы жүр саңқылдап.
Алма ағашы жас балғын,
Бұрымына гүл қадап,
Шуақты тілі аспанның
Жер – бұзауын тұр жалап...