17.09.2022
118
ПАРКТЕ
Түнгі асфальтқа ақтара алмай жігіт көп,
Серуендеп жарқын жүздер жүр кілең.
Оңашада өтсе-дағы ойқастап
Жанарларға от басады түрлі рең.
Армандарын атқара алмай жігіт көп,
Бірін-бірі батылдыққа үгіттеп.
Айтылар сыр тіл ұшына оралмай,
Кеуделерде бұлқынады үміт тек.
Пәк сезімнің ұясындай мынау бақ,
Сұлулар жүр кірпігінен нұр аунап.
Жаным елтіп, тебіреніп мен жүрмін,
Жүректердің лүпілінен жыр аулап