17.09.2022
  149


Автор: Ақылбек Манабаев

ЖАС ТАМШЫСЫ

Бір тамшы жас кіршіксіз пәк жанарыңнан бөлінген,
Қуанышытың белгісі ғой асып-тасып төгілген.
Бір тамшы жас оңашада бетті жуған мөлдіреп,
Қимасыңды шын жүректен сағыну ғой елжіреп.
Билегенде тұла бойды қалшылдата суық ой,
Бір тамшы жас ытқып шыққан қасіреттің уы ғой.
Тамшы жаста ұлан-асыр бақыт та бар, қайғы бар,
Бір тамшы жас шаттық сеуіп көңіліңді жай қылар.
Бір тамшы жас адамдарды жоқтауға да жетеді,
Бір тамшы жас адамдарды соттауға да жетеді.





Пікір жазу