17.09.2022
147
ТЕР ТАМШЫСЫ
Бір тамшы тер тегінде тамшы емес ол жай ғана,
Соның сыйы зәулім үй мол дастарқан - бай дала.
Бір тамшы тер бұршақтап маңдайыннан таматын,
Шаттығың мен бақытың үлбіреп гүл жаратын,
Бір тамшы тер қалаған сәнді өмірге сәулет боп,
Қалған мұра бабаңнан одан асқан дәулет жоқ.
Бір тамшы тер сусын боп, тірлікке нәр себетін,
Сарқылмайтын бал шарап, азығың ол еметін.
Өзің жоқта сонымен бағалайды ел сені,
Бір тамшы тер - адамдық ар-намыстың өлшемі.
Бұл өмірде не жетсін еңбек етіп өткенге,
Жұмыр жерге бір тамшы тер сіңіріп кеткенге!